Іске қырсыз, кекірейген, қуыс кеуде. ~ Бір жақтан Ғазбекқара білекті сыбанып жіберіп: — Өңшең тік аяқ неме! Кәні, қайсың қозғалар екенсің!— деп арс-ұрс етті. Үйдің іші жым болды. І.Жанс. ~ ..Аудан осы ауылға орнады. Ауданмен бірге ауылды "тік аяқтар" қаптады. Дорбаларын қолтықтарына қысып алып, жұтынған жас жігіттер кеңсе мен ауылдың арасында шұбыратын болды. Б.Майл. ~ Жалбыр шаш, ала көз, қара дарылдақ, ұзын сары, жұқа құлақ, көзі суланған секпіл ақ қубаша, шотбак қара, мықыр қара, үлкен ауыз қара, көк шегір, құс тұмсық қазақтардың бірнешеуі осы үйге жиылды. Әрі-беріден соң сиыршының қаукеңшігі осындай тік аяқтармен лық толды. Жазғы талдай ығы-жығы көктеп өсіп келе жатқан жас қазақтар көбейді. І.Жанс. ~ … сонан соң ол, тағы да ләм деместен, асықпай, жайлап қана, баяу еңкейіп, тік аяқ қызша емес, маңдайын жерге жеткізе кәдімгі орысша тағзым етті! Сосын, жүгіріп шығып кетті. Ф.Дост. ~ Шорман тұқымының бұрынғы салтына қайшы ауыз толтырып айтар төркіні жоқ, төрді толтырып безентер жасауы жоқ, көктен түскендей ойда-жоқта ғайыптан пайда болғандай кедей шала қазақ кекірейген тік аяқ қызына төбе шаштары тік тұрады. С.Бег.
