Ешқандай іске икемсіз; қара жұмысқа қыры жоқ д.м. * Шулы қала сау болғай, Есен болғай, Және оның тік бақай еркелері. Д.Стамб. * Күйеуі қандай тік бақай болса, бұл да солай шығар. Жанарында жас жоқ қой. К.Қазыб. * ─ Бөтен деп санап па едің? ─ Қайдам, тік бақайлау жүргенге шошынып қалып едік, ─ деді шеткерірек тұрған шұбар бет, кең танау. С.Шайм. * Ертең өз қолы өз аузына жетіп алған соң. өзі секілді оқыған бір тік бақайды алады да, басы ауған жаққа тартып жүре береді. С.Жүн. * Іші қазандай қайнады. Тік бақай, орыс мінез Елтай алыстан арбап, жақыннан жымиған күлбілтені жек көретін. М.Қабанб.
