Үнін өшірді. * Әкет тегіс айдатып, Тілін кесіп бұлардың, Өшіртермін үндерін… М.Әу. * Абай абыз: "Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – дейді. Ж.Аязб. * Өзгені ұқпас тас меңіреу тілін кескен үнсіздей, Эшафотқа қарсы жүріп қасарысқан дінсіздей, Кесірленіп сүйген едім мен сені..? Т.Әбд. * Әйтпесе, осында жүрген небір теріс азу тентекті, қыңыр мен қисықты тезге салып, жіптіктей етіп шығарар еді. Өсекшіл, жікшіл содыр- сойқанның жонынан таспа тіліп,тілін кесер еді. Қ.Жұм.
