Posted in

ТІЛІН КӘЛИМАҒА КЕЛТІРДІ

Ислам дінің негізгі парыздарының бірін орындады. ~ Мұсылманның бес парызының бастысы тілді кәлимаға келтіру. Тілді кәлимаға келтіру, яғни «Лә иллаха иллаллах, Мұхаммед расуллаллах» (АЛЛАДАН басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі) деп айту. БАҚ. ~ Тәңірбергеннің төбе құйқасы шымырлап қоя берді.Көзін ашуға жүрегі дауаламай тез-тез тілін кәлимаға келтірді. Ә.Нұрп. ~ Мұрнын тартып жіберіп, іштей: «Бисмиллә, иә, әруақтар, өздерің жар бола көріңдер» деп тілін жолай кәлимаға келтіріп, табалдырықты оң аяғымен аттады. М.Қан. ~ Күйеу баланы күтіп, дабыр-дұбыр, мәз-мейрам боп отырған кемпірлер кәлимаға тілін келтірген. Д.Ис. ~ "Бисмилләһи ир-рахман ир-рахим" деп кәлимаға тілін келтіріп, жұмыс кабинетіне еніп, ұзынша емен үстелге шөмиді. Д.Дос. ~ Біржола кәпір болып, азып кетпей тұрғаныңда тәубаға кел, кәлимаға тіліңді келтір, намазға жығыл», – деген бірде Қаржасбай молда. С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *