Тілін жаттықтырды, оқуға, сөйлеуге баулыды. * – Жаңағы иман яқини, иман тақлиди, қазақ баласының тілін сындыратын сөздер сол себептен келіп жатыр екен ғой. М.Әуез. * Несін айтасың, апама жездем сай, бір-бірін тауып қосылған. Қыз «Лексей» деп еркелетсе, Абыралы тік бақай қыздың тілін сындырып, келимеге келтіріп жүр. М.Қабанб. * «Е, жер түбінен үлкен оқу оқып қайтқан соң, бәрінің төбесінен қарайтын ұлық болып келді ме десек, Семейге барып, бір-екі жыл ғана орыс мектебінен ғана қаріп танып, тілін сындырып қайтыпты дейтін Нарбота баласынан аса алмадым деші. С.Омар. ~ Бәрі де қысы- жазы ешқайда көшпей осында отыратын егінші, шөпші жатақтар. Бұлар да оқу жасындағы балаларының тілін сындырмақ болып, осы мектептің ашылуын күтіп жүрген. Қ.Жұм.
