Posted in

ТІЛІН ТАРТПАДЫ

Сескенбеді. айтарын бетке айтып салды. ~ Жаңабайдың келіншегі қалай түсті, солай Айшамен тұз еңбегі жараспай- ақ қойды. Келіні ұры да, қары да, өсекші де атанды. Келін де «Е, десе ме» – деп аздан соң тілін тартпауға айналды. Ж.Айм. * Аудан өкілі Ұлтарақ үндемей түнерсе, осыдан біраз бұрын әлдеқайда барып, екі-үш ай оқып келген ауыл белсендісі Жақыбай тіл тартпаған. М.Мағ. ~ Қайта тағдыры қыл ұшында тұрған жауының тілін тартпағанымен қоймай, өзін кінәлай бастағанына ызасы келіп, қас-қабағы қатулана түсті. Безгегі ұстаған жандай, қол-аяғы дірілдеп, аузы-басы жыбырлап кетті. Д.Рам. ~ Тобыр адам бөкенің амырымен шөкені тырып еткізбей байлап алған еді. Шөке сондада тілін тартпады. Б.Жұм. * Ілінісе кетсе, мылтықпен атып жықса да, тілін тартатын емес: Біз дұрыстық үшін күресеміз; кедей, батырақ, жұмысшы үшін күресеміз! Б.Майл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *