Өзін өзі тыйды, айтайын дегенін айтпай қалды; өкінді, ашықты. * «Мен де барайыншы?» дегім келді де, тілімді тістедім. Өйткені маған бару керек болса сұрамай- ақ ертіп кетер еді. Ал әкем өзі кетті. Г.Нарыт. * Оның, әсіресе қызды қызыл етке теңеген қарсылас ағасына көрсеткен назы әбден нанымды көрінді. Ал, қарсыласы болса көкіректегі көркем ойдың ауыздан шыққан соң әрі қашады дегенді кеш ұғып, тілін тістеді. С.Халық. (БАҚ) * — Қашан үйленесің, Елтайжан?— деді. Жігіт басын шайқады. — Жуық арада үйленбеймін…— Іле өкініштен тілін тістеді. Жетімнің жебір, доғал да дүрегей сөзі… М.Қабанб.
