Айтарға сөз таба алмай, үнсіз қалды. * Күйшінің басы айналып кетті осылай, Қалтырап, қалды сорлы тілін шайнап. І.Жанс. * Досымның ұрымтал ұсынысына мен қапелімде сөз таба алмай тілімді шайнап қалдым. Шынын айтсам, өзім де бас ауған бір жаққа безіп кеткім келіп жүрген. Ә.Асқ. * Тілін шайнап, сөзді бұрмалау жағына келгенде ағылшындар алдына кісі салмайды. Г.Бельг. * Нұрәлі бұл кезде қатты қызу. Есік алдына шыққасын ол ағайымды жіберсейші. Біз анадайда күтіп, қарап тұрмыз. Нұрәлі тілін шайнай сөйлеп. Б.Соқп. * Жексен масаң. Тілін шайнап сөйлеп, Ғалиядан арақ әкелуге тағы да ақша сұрай бастады. Ғалия ақша жоқ дейді. Б.Соқп.
