Posted in

ТІЛІҢ БАЙЛАНЫП ҚАЛДЫ МА?

Неге үндемей қалдың д.м. * — Әй, тілің байланып қалды ма? Әкең қайда деймін? — Әкем ауылда жоқ. Құдасына көрісуге кетті. М.Әбдіх. ~ Ол осыны ойлап қолына домбыра алып еді, адасқан ойға оның да демеуі болған жоқ, өзі сөзден жаңылса, домбырасы күйден жаңылды. — Тілің байланып қалды ма, неге үндемейсің? Ә.Әб. ~ – Өй, тілің байланып қалды ма? Айтсаңшы, менде мылтық бар ма?.. Оқшантай менікі ме? Д.Әш. ~ Күйеуінің шатысып кеткен көздерінен долырған ашуға мінгенін сезіп үндемей құтылғысы келген Рысты жауап қайырған жоқ. — Әй, тілің байланып қалды ма, неге үндемейсің? С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *