Айта алсаң , айтуға өрең жетсе д.м. * Абайға "қолыңнан келсе, тілің жетсе, осы пәледен елімізді құтқарып бер. Бұл ертегінің екі басты жыланынан кем болмай тұр. М.Әу. * — Оларың болайын деп тұр ма? Еркек-еркек дейсін қит етсе, сол еркекті саған-ақ бердім, шырағым, қызыққаның сол болса. Еркек те сен, әке де сен. Бар, айтшы, тілің жетсе. С.Жүн. ~ Жылмитып сыртын сылап сынар сұрақ Қояды қуанып, не жыламсырап. Несі бар, сөйлесуге тілің жетсе, Көзқарас, ой- өресін, бәрін сынап Алдым да көз жеткен соң айтып бетке: – Сіздер, – деп, – ғалым емес, ғалымсымақ. К.Мырз.
