Posted in

ТІСКЕ СЫЗДЫҚ БОЛМАДЫ (ҚАЛМАДЫ)

Нәр болмады. ~ Атан өгіз, құр ат, ту сиыр, ту биелер қазы-қарта, жалжаясы ақтарылып, күніне сойылып жатады. Бірақ көп ауызға үлестірген соң берекесі кетіп қалатын көрінеді. Тіске сыздық болмайды. Ғ.Біл. ~ Кенжетайға сорпа болсын деп, осындағы жалғыз торпақты сойдырып ем,– деді Ұлберген,– соның бір жілігін Ботажанға қойып, қалған етін асып отырмын. Тістерін, тістеріңе тисін деп. Әйтпесе, тіске сыздық болатын ет емес. С.Мұқ. ~ Бірақ шығымы жоқ жаман иттер ғой, тіске сыздық болғандай еш нәрсенің жөнін көрсетпегенсіп, мен де ырық бермей жүр едім, енді осыдан барғасын, қазақшылық қып, Есмұратқа басып неке қиғызатын шығармын… С.Көб. ~ Жердің көркі мал емес пе, тіске сыздық қалмаған соң оның несі ақсылық?-деп атқосшы жігіт шамырқанды. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *