Posted in

ТІСКЕ СЫЗДЫҚ ҚЫЛДЫ (БОЛДЫ, ЕТТІ)

Азғана азық болды. ~ Ешкілері үнемі егіз лақтайды. Ішулеріне түйе сүті толық жеткен соң «лақтары семіз болсын» деп, Бөтікей ешкілерін саумайды. Қызылсыраған уақыттарында егіз лақтар тістеріне сыздық қылуға жетеді. С.Мұқ. ~ Ол әуелі түбі тесілгендей толассыз сорғалап, жаппаға қуалап тыққан құдайдың күніне жыны кеп, балағаттап алды, онан соң қазан-аяқты ақтарып, тіске сыздық қылатын даяр ас таппай қатынын сыбады. Қ.Ысқ. ~ Айтпақшы тіске сыздық қылатын бірдеме керек екен ғой, сол құрып қалғыр табылса жақсы–ау. К.Сег. ~ Қардың аздығынан, жаңбырдың жоқтығынан, көк атаулы көктемде бас тарта беріп семіп қалды да, жер тақырланып, малдың тісіне сыздық болар нәр табылмады. С.Мұқ. ~ Бірақ жұрт былтырғыдай нырай дым сызбай қалған жоқ, тақ-тұқ болса да, аздан нормалап-дорбалап болса да тіске сыздық етер дән беріліп тұрды. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *