Кектенді. * Әсіресе, Цин армиясының аямас қаталдығын, ойраттардың жазықсыз қанға бөгіп қырылған тұсын баяндағанда, басқыншыларға тісін басып, құшырлана, екілене жазатыны байқалады. Қ.Жұм. ~ Ауылды шапқалы келген ауданның әскер, сақшыларына әуелі тісін басқан осы Жолдыбай болды. Т.Рыс. * Демежанның ұрыларға тісін басқаны соншалық, егер осы жолы қалмақ жылқысы Байсеркеден шықса, аямасқа бекіген. Өзіне ниеттес серік іздеп, осы жайды Күдеріге айтқанда, ол да мұның сөзін айнымай қостады. Қ.Жұм. * Әліптің асына барған Шыңдубәннің өкілдері онан түңіліп қайтқан. Бұдан ол қатты тіксінді де, тісін басты. Т.Рыск. ~ Құдай сәтін салса, Сыр бойындағы ата қонысын қайтарып алудың сәті түсіп тұрған сияқты, інім. Тықы батыр шектінің билеріне тісін басып жүр еді. З.Шүк.
