Өштесті, кек сақтады; іштей кіжініп жүрді. ~ Мұндайда касқыр қарап қалсын неге? Қашаннан тісін қайрап жүрген неме. М.Дул. ~ Рур – бір сәл нәрсе ғой. Одан да Азиядағы жұрттарды жаншып отырғаныңды сөйле. – Сен де Түркістанға тісіңді қайрағың келеді ме? Ж.Айм. ~ Тісін көптен қайрап жүргенмен, оларға кезек енді келген сияқты. Қалған үш тарапты аузына қаратып, қайта тұрмастай етіп тізесіне басты. Енді басқа алаңдары да жоқ. Ә.Кек. ~ Бойларына біткен тау көкіректері зорая-зорая келе кеуделеріне сыймай, көрінгенге тістерін қайрап, ұрыстарын сайлап, болмашыға күйіп-пісіп, бақырып-шақырып жататын. Ү.Жәл. ~ Өртеп жіберер ме еді деп тісін қайрады. Бұл неткен сорақылық?! Ақжарқын секілді сұлуларды құрбандыққа шала берсе… Қ.Жиен.
