Posted in

ТІС ТИМЕГЕН (ТИМЕПТІ)

Жаңа шығып, мал жайылмаған шалғын шөп хақында. ~ Ұзын сирақ нарлар мен алмас өркеш атандар арқалары босап, булары бұрқырап, тіс тимеген ту шалғынға енді тиісе бергенде теңкиіп– теңкиіп жатқан көп қарайғандардың тасасынан қып– қызыл керегелер бой көтерді. Ә.Кек. ~ Тоқтаған жеріміз Керегетастың қақ тұмсығы екен. Шүйгініне әлі тіс тимепті. Танауыма еркектеп кеткен жалбыздың иісі ұрды. А.Сүл. ~ Мыналар нағып қалып қойған? Бұлардың қора-қора қойлары қайда, үйір-үйір жылқылары қайда? Мына жол-жөнекей өткен жерлердің ақ оты мен қара отына тіс тимепті. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *