Posted in

ТІС ШҰҚИТЫН (ШҰҚЫРЛЫҚ) ШӨП ЖОҚ

Қылтиған шөбі жоқ жер туралы. ~ Жері сорға бай, топырағы ащы, тұздықтың беті сияқтанып қаймақшып жатады. Үстінде тіс шұқырлық шөп жоқ. А.Байт. ~ Алыстан қарағанда жасыл нұрға бөленген асқар тау, қасына келе бөлек-бөлек қызылшақа тас болып кетті. Мал жерлік түбірі, тіс шұқырлық қылтанағы шамалы. Ғ.Мұст. ~ Совхоздың малы қырылып жатыр. Тіс шұқитын шөп жоқ. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *