Posted in

ТҮБІНЕ ЖЕТТІ

1.Құртып тынды; орға жықты; пәлеге ұрындырды. ~ Қараң батсын, иттен жаралған, жарты өтірігің мынау болса, бүтінің түбімізге жететін шығар? М.б.Т.~ Пәлтесін киіп, темекісін алып, оқты көзімен қатынына бір қарап: «Түбіме жеттің бе!?» деп шығып жүре берді. Ж. Айм. ~ Пәрмені күшті кіл мықтың Түбіне жеткен шындықтың. Р.Ниязб.~ Өзі де әдемі жігіт. Ән – күйді де сойып тұр. Қу арақ қой мұның түбіне жеткен! Т.Рыск. 2. Түгел тауысты, түк қалдырмады. ~ …осы ауылдың үлкендері үлгі ете сөйлейтін, оқудың түбіне жеткен Уақас Жалбағаевқа, оның қасындағы шашы қысқа қиылған бұйрабас қара келіншекке, алты-жеті жасар шамасындағы үйелмелі-сүйелмелі екі балаға армансыз қараған. М.Мағ. ~ Тақырыптың түбіне жетуді мақсат етіп қоятын сөйлеушілер сынды, ол да тыңдаушылардың шыдамын әбден тауысып бітті. О.Уайл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *