Posted in

ТҮБІН ТҮСІРДІ

Тындырып істеді, аяғына дейін жеткізе білді. * Сөйлесе — түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе — аузынан дүр шашылады. Ән шырқаса — сүйегіңді шымырлатады. Ж.Айм. ~ Тізе қабы салбыраған, саулы боз інгендей талтайған биеші сүтті жаңа құйып, қара сабаны ыңқылдата пісіп тұр. «Болыстың сабасы осылай пісіледі» дегізгендей құлашын кере-кере, түйіп-түйіп, түбін түсіре, күрсілдете піседі. Дабылдың дауысы көлдегі құстарды да ұшырады білем. Ж.Айм. * 1988 жылы Мағжан ақталды. Арыстар жарыққа шығып, зерттей бастадық. Жетекшілеріміз тақырып береді. Бірақ ешбірі Мағжанға жоламай қойды. Жай ғана мақтағанда түбін түсіреді. Бірақ жеме-жемге келгенде, ешқайсысы зерттеуге алмайды. Б.Қанарб. ~ Шәке, болсаңыз енді үйге қайтайық! – дейтін. Басқа артық сөз жоқ. Бар айтатын на—зы – Осы құрғырды көп ішіп кеттің ғой. Өліп қалсаң қайтесің! Күйеуіне сөйлемейтіні – сөз білмейтіндігінен емес, сыйлағаны, көргенділігі. Әйтпесе, орынды жерде сөздің түбін түсіреді. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *