Қоңды, семіз малға қатысты айтылады. ~ Ноқаң ауылы өзге ел барғанша, жонның соны . шалғынына қардай шүйгіп, аш қасқырмен арпалысып, малының түгін тартса, майы шығады. Ж.Айм. ~… маған салса, осынау көнетоз кілемнің түгін қуалата Аймақкөлден шырын бұлағын ағызып, аймағыңды түгін тартса майы шығатын семіз етер едім де, биесін егізден құлындайтын, түйесін сегізден боталайтын етер едім!.. Ғ.Слан. ~ Жер от, қойдың түгін тартсаң майы шығады. Сол жылы Мақпал қыздың қарақалпақ күйеуі келіп, Күржібай той қылмасы бар ма? З.Шүк. — Әдаға, – деген Дастан, ойпырай саулықтарыңыздың шетінен түгін тартса майы шыққалы тұр, тіл-аузым тасқа, тіпті қыс көрген мал деп айтудың өзі қиын. Төлді биыл өзіңіз алғанда болады екен, әттең… С.Баяз. ~ «Апырай, – деп ойлаған бұл, – мына мал тіпті қыс көрген, буаз мал деуге ауыз бармайды ғой, түгін тартсаң, майы шыққалы тұр. Әділді былайғы жұрт шопан атаның өнері дарыған деп текке айтады дейсің бе?». С.Баяз. Құнарлы, оты-суы мол жер туралы. ~ Қырдың қара от түгін тартса майы шығардай. Ө.Кәріп. ~ Содан Хабарасудан алқұлымдап асып кетсек, алдымызда түгін тартса майы шығатын Ойжайлау және Балажайлау деген, көк майсалы шалғынынан құлынның сауыры көрінбейтін жасыл жазық жатады. О.Бөк.
