Дәрет сындырды. ~ Қоясы тастауға да кісі жалдайтын кер жалқау жұрт та! Әйтпесе түзге шыққан қатын да көсеумен – ақ түртіп қап көзін аша салатын нәрсе ғой. Қ.Ысқ. ~ Төрт жыл жаумен алысып, есен-сау оралғанда әкесінің екі тізесіне сарысу толып, өз аяғымен дүзге шығу мұң болып қалған екен. О.Бөк. ~ Сол келген күні-ақ түнде түзге шыққан боп Есберген Ақбөбектің қасына барған. Тіздеулі тайлақтай шөкесінен түсіп, үнсіз жатыр екен. Ү.Жәл. Далаға, табиғат аясына аяқ басты; үйден алыстады, жол жүрді. ~ Сөйтіп ол қоғам өмірінен, саясаттан тысқары, табиғат аясында оқшау жүріп жатты. Түзге шықса қара мылтығын, үйге келсе қара домбырасы мен немересін ермек етті. Қ.Жұм. ~ Өмір дегеніңіз осылайша бірде бетін, бірде сыртын беріп, өз бетінше өтіп жатыр. «Түзге шықсам — батырмын, үйге келсем — пақырмын. Әйел ауру, бала жас, тары түйіп жатырмын»,—деген екен баяғыда Тәтіқара ақын. Қ.Жұм. ~ Биім-ау, мынау қасыңнан қалмайтын ойы улы, тілі шаян қара бүйің кім? Көлеңкең бе, берекең бе? – деп сұрапты. ~ Бұл өзі үйде болсам, шаруаға берік құлым, түзге шықсам, жанға серік ұлым! – депті Тана би. Т.Жұр.
