Posted in

ТҮЙЕДЕН ТҮСКЕНДЕЙ

Орынсыз, оқыс, тұрпайы түрде. ~ Шаршаған жігіттер терлеп-тепшіп отырып шайға бас қойды. Кәрібоздың аузы дамыл табу жоқ, шай үстінде де сөйлеумен болды. Сөзінің көбі түйеден түскендей: — Мәлике, сен білесің бе: осы құдай дегені бар ма екен, сірә? – деді Кәрібоз. Б.Майл.~ Жөндеп түсіндіріп айтпаймысың? Түйеден түскендей қылып, дүңк еткізбей, — деп Әділ әңгімені өзі жалғап жеткізе бастады. Ү.Жәл. ~ Елтай жауырыны аспанға шығып отырып-отырып, түйеден түскендей дүңк етті. М.Қаб. ~ Кейінгі кезде Раушаннан алшақтап бара жатқан сияқты еді, жуырда келіп, екі ұрыстың арасында, түйеден түскендей: – «Сүйемін»,– деді. Т.Ахт. ~ Бұлардың жолыққан сайын қатқылдау шығатын әзілдерін шынымен-ақ ұнатпайтын Зерде ғұлама: Жә-жә?! Осынау түйеден түскендей әзілдің қажеті бар ма? С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *