Обыр, жебір, жемпаз адам туралы.* – Бөлекеңнің көмейі кең, жемқор, жемсауына сыя беретін кісі ғой. Алатыны пара, «түйені түгімен жұтатын» обырдың өзі емес пе? Ә.Шәр. * – Түйені түгімен жұтқан адамдар да еш пәлеге ұшырамай-ақ жүр ғой, – деді екінші бір жастау жігіт. Б.Майл. * Уезд адамдарының да жемсауы кең екенін, түйені түгімен жұтып қоятынын Терлікбай ескермеген болатын. Ә.Шәр. ~ Түйені түгімен, атанды басымен жұтатын орыс ұлыққа Қанатек бастаған бірнешеуі оның жемсауын толтыра, астыртын көмейлетіп жіберген. Т.Рыск. ~ Ал қазір түйені түгімен жұтатындар пайда болып, енді тау-төбеңізді, жиделбайсын атамекеніңізді үй-орманымен, тезек-қабымен қоса бауырына басып алды. Ж.Аяз. ~ Сондықтан жергілікті Маншың төрелері ешкімнен жасырып жатпай- ақ тападай тал түсте түйені түгімен, төрт түлік малды үйір- үйірімен, көпе- көрінеу асап, қылғып жұта беретін. ~ Есенбай Қойбағарұлы парамен ұсталып‚ түрмеде жатыр деген сөз жанымды тілгілеп‚ тар қапасқа сыймай кетем. Неге түйені түгімен жұтқандар осылай жатпайды? Қ.Түм. ~ Білгенде, бұлар адамның ең осал тұсын сөз қылады. Ұстайтын жері сол. Ішімдікке қалай, қыз-қырқынға қалай, түйені түгімен жұта ма?.. Осының біреуін тапса “Е, … е … өзіміздікі, свой”, десіп лепіріп кетеді. Н.Дәу.
