Бәрі жабылып, төмпештеді, әлім жеттік қылды. ~ Енді маңайлап көрші, түйе бас қып, үстіңдегі бар киіміңді шешіп алайық та, өзіңді далаға тырдай жалаңаш шығарайық! – деп үйден қуды да шықты. С.Мұқ. ~ Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бәрі жабыла мені түйе бас қылып, жан- жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып жатқандай зырқырайды. Н.Кел. ~ Әже, мына кісіні қара, сізді тентек, – дейді. — Тентек десе сендер де тентек болып түйе бас жасаңдар, — деді әжесі күліп. Басқа балалар Қазыбекке тап беріп еді, жаңағы қазан бас бала оларды қолдан бір сілкіп қалып, тоқтатты да: — Әже ау, онда өзіңіз ұрыспайсыз ба? – деді. Ә.Әб.
