Биік өскен, қалың. ~ Бұрынғыдан да кішірейіп кеткен, жансыз салактаған құртакандай сәбиді қапсыра тістеген қалпы орғи жүгіріп, көз көрімге ұзады да, артына бұрылып, киғаштай бере аз бөгелді. Келер сәтте түйе бойламас калың қамыс ішіне кіріп жоқ болды. М.Мағ. * Сөзінің соңында: – Сен де бір ауылдың ағасысың. Маған ер Сәкеннің алдынан шығайық. «Келіншектің бетін кім ашса, сол ыстық қой», – деген. Ертеңіне екеуі Шудың түйе бойламас ну қамысының бір кілтеңінен өтіп, Тастыға қарай жол тартты. Т.Әлімқ. * – Мен не таптым? Түйе бойламас ұймаға түскен адамдаймын. Өмірдің бар қызығын алам деп ұлқынып, жанұшырып едім, батып кеттім. Айырылғаным ба? М.Сүн.
