Posted in

ТҮК ӨНДІРЕ АЛМАДЫ

Іс-әрекетінен ештеңе шықпады; дегеніне қол жеткізбеді. * … көрші ауылда Бұқабай би шабындысын тартып шауып алғанын да, әкесінің әркімге барып, сандалып, түк өндіре алмағанын да Қартқожа жақсы біледі. Ж.Айм. * Қартқожа Сейкебай ауылына бұрылды. – Жаңбырбай үйде ме? – Үйде. Түсе қалды. Қайдан келе жатқанын, түк өндіре алмағанын айтты. Ж.Айм. * – Мынау қайтеді-ей!. Қайтеді-ей, мынау! – деп, Жанымхан есікті ұрғылап біраз тұрды да, ақыры түк өндіре алмайтын болған соң бүгжеңдеп үйіне қарай тартты. Қ.Ысқ. * Не сұрайын деп едіңіз, ұқпадым дегендей міз бақпайды. Арлы-берлі ишаралап түк өндіре алмаған соң дәрменсіз кейіппен қалжырап сұлық отырып қалады. Т.Сәук.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *