Posted in

ТҮРТ, САЙТАН (ШАЙТАН)

Әлдебір шатаққа итермелеп, жын қысып тұр д.м. ~ Соның бәрі: аға сұлтандық қолымыздан мүлдем кетті деп жүрген жоқ. Ылғи әр кезеңнен баспа қып, «түрт сайтанмен» жүр. М.Әу. ~ Шал (жөнеле беріп Жарасқа). Ал іздегенің сен болсаң, сұрағаның жетсін тез (Қоқиланып.) Олай болса мінекей, ұр тоқпағым тоқ-тоқ! Айыптыға шоқ-шоқ! Бір бай мен бір батыр. Бір ісек, бір қошқар! Бір теке, бір серке! Жекпе-жек, жек-жек, түрт сайтан, түрт! Үрит соқ-соқ, үрит соқ-соқ!.. М.Әу. ~ Тиіп-қашып терістіктен тіріле бастаған «қызыл шұнақ» ызғырық, «түрт, шайтаны» ұстап, әлде бір ойранды бастап жібергісі келіп тұр ма, ұлпа қардың үстінде ақ құйрығын арлы-берлі бұлғап-бұлғап қояды. Т.Сәу. ~ Бір оқиғаның құлағы қылтиса бітті, әлгінің бәрін таза ұмытып, етекті белге қыстырып, білек сыбанып, қақ ортаға түсіп кетіп, шыркөбелек айналып жүргенімді білемін. Ішімде бір түрт-түрт сайтан бар – ол анық. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *