Берекесі кетті; жолдан тайды. * Соңғы шақта осы өңірде майрағай да-тайрағай шалқып жатқан қазақ ауылдарының іргесінен жел саулап, түндік-туырлығы желпілдей бастады. Түтіні теріс шалқып, қаймағы бұзылды, тыныштығы шайқалды. Ғ.Біл. * – Әңгімеңіздің түтіні теріс шалқып барады, Әбеке! – деді арықтығын білдірмей сыртқа жүнін күдірейтіп. – Біз – дос-жар адамдармыз. Бір жерде жұмыс істейміз. Т.Сәу. * Олардың түтіні әбден теріске айналып болғанын Нұртаза мен Сейтен де жаңа ғана түгел ұғынған тәрізді. Ғ.Мүс.
