Шаңырақтың тірлігі біткен жоқ, жалғас тапты. ~ Арай астыңғы ернін қымқырып, басын шайқады. Кенжегүл оны байқамаған болып, балпылдай берді. – Байғұс Қапан, орнында бар оңалар – о да жақсы, әйтеуір түтіні өшпейді ғой, бала бейшара жылапты дейді…Қ.Ысқ. ~ Нағашысы ұлан-асыр той жасап жатыр. Мырзақұлдың түтіні өшпеді, орнында бар оңалар деген осы деп мәз болып жүр. К.Қаз.~ Ауылдан бір адамды шашау шығармадық. Жаяуға көлік, жалаңашқа тон, ашқа ас бергіздік. Шүкір Алла, соның арқасында түндігі жабылып, түтіні өшкен үй болған жоқ аулымызда. С.Ел. ~ «Қолыма көшіп кел, жалғыздан-жалғыз қайтіп отырасың» деп мың айтып жалынды – бармадым. – «Мақсұттың үйінің түтіні өшпесін – отырамын осында»,-дедім. Ш.Мұрт.
