Posted in

ТҮТІН САЛДЫ

Аңды, жәндікті інінен шығару үшін немесе масадан қорғану үшін от жағып,түтін жіберу. ~ Қарсы беткейдегі аз-маз ғана тайқы, түгі тусырылған тепсеңге жапырлата, дөңгелек, аппақ бірдеңелер орнатты. Үялары екен. Иісі бой тітіретер ащы түтін салып, қызыл тілі қу даладан үрей туғызар, лаулай жалаңдаған сансыз от жақты. М.Мағ. * Кешегі дарқан заманды қақыратқалы тұрған қилы күннің нышаны. Інге түтін салғандай ірге бағып отырған жымысқы жау бүгін-ертең орданың ойранын шығарады. Тақ мініп, тәж киген бұл екеуін дарға асады. Ә.Кек. ~ – Аба, сен осы арада бол, – деді Шыңғыс. – Аттарды ағыт та, күймеге байлап, жел жағынан түтін сал. Әйтпесе, мына қалың маса шыдатпас. С.Мұқ. ~ Күз орталана бере басталды сойқан, – деді Еркетай мұная сыңсып. – Інге түтін салып тұншықтырды. Темір серіппеге аяғын шаптырып алғандар тірідей қолға түсті. Ө.Кәр. Жөнсіз тиісті д.м. * Манағыдай емес, қонақтар қызарып-қызып сөйлегенде бірінің иығына бірі асылып, көздері кішірейіп, бірін-бірі тізеге салып қап, стаканды кейбірі түсіріп алып, шылымдар да қалай болса солай, үстелде жатып қалатын күйге ұшырады. Орысшаласу, түтін салысу, күлісу… мидай араласты. Ж.Айм. * (Әлдекімдер құсап, бір кездегі бірер күн дәмдестікті бұлдап, қыр соңына түтін салып, міндетсіп салмақ салатын біздер ме?); бірбірімізге деген ықылас-тілек қалтқысыз-тын Ш.Құм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *