Отасын құрып, өз алдына үй болды. ~ Қайтадан түтін түтетіп, қайтадан шаңырақ көтеріп отырған аяулы азаматтың көңіліндегі үміт сәулесін біржола үзуге дәтім бармады. М.Мағ. ~ Бас құрап, шаңырақ көтеру, түтін түтету, түсінісіп тіл табысу қиын. Ал оны бұзып, қара қазанды қақ бөлу – оңай. М.Сүн. ~ Оспан ақсақал соғысқа қатысып, ит қорлықпен елге елуінші жылдардың аяғында әрең оралған. Жәмила деген жүрегі жаралы соқа бас келіншекпен тұздары жарасып, түтін түтетті. З.Жүк.
