Жабықты, жабырқады, мұңайды, көңіліне қайғы үйірілді. * Тұман торлап жүзіңді қалды маай! Деуші еді ғой: «жалғыздың жары Құдай», Неге таси береді қаным ұдай?! М.Мақ. * Әсет шексіз шиырды шарлағандай түңғиыққа шөккен-ді. Көңілін сұрғылт тұман торлағандай. Қара басының қамын күйіттей бастаған сыңайы бар. Қ.Тол.* Армансыз адам болмайды, Кімдердің гүлі солмайды? Көк тіреген таулардың Басын да тұман торлайды. Еңкейіп қалдың, жан әкем! Т.Сәу. * Бұдан әрі сырын жасыра берудің реті жоғын сезген Сыбан – Рабтан жастық дәуренінің Шолпаны туып, көкжиегінен рауандап көрініп келе жатқан шұғыласы барын айтты. Сол тылсымдай арбаған шұғыласын кейде бұлт басып, тұман торлайтынын да көңіл күдігімен қоса жеткізді. С.Смат.
