Алданды, жоқтан өзгені жұбаныш тұтты. ~ Сірә, бұл қылығын қоймаса, жұрт қатыннан жылмағай болып, тұлыпқа мөңіреп қалмаса неғылсын… Ж.Айм. ~ – Ым… Сен екеуміз қашпаған қашардың уызына мас болып, тұлыпқа мөңіреп жүр екенбіз ғой. Елге мазақ болдық ау, енді қайттік? Сен ешкімді шақырған ба едің? Ә.Әб.~ – О, шикіннің балашылын, ол әрі-беріден соң сенің балаң да емес. Өзіңше көрінгеннің ауына бір сарығанға балам бар деп құр тұлыпқа мөңіреп жүрсің бе. Өле қал… Ж.Шәк. ~ – Қаланың үйінін қабырғасына қарап сөз іздеген біздікі тұлыпқа мөңірегендік-ау, мына Сылдыкендерден үйрену керек аталы сөзді, – деп өзінің ауылды аңсаған, ажарлы сөзге сүйсінген жайын айтып қалды. С.Бег. ~ – Естиін дегенің осы ам? Тілегенің осы болды ғой. Жә, енді ұр мен бейбақты. Соқ , құр тұлыпқа мөңіреп , жас өмірін қор ғып жүрген, бағы қайтқан сорлыны! Мә, міне көсеуің!- деп тал көсеуді кемпірдің алдына тастай салды. Ж.Сәм.
