Ажал аузындағы ақтық жанталас, жан-дәрмен әрекет, қарсылық. ~ Ендігі бір кезде сөзді Жиренше түйді: — Базым, не керек! Ер кеудеде «кек» деген өлексе боп шіріп кетсе, сол қорлықта! Тұяқ серпер күнім болса, сол осы-ақ! Не көрмедім, не кешпедім!? Мың асқанға бір тосқанның шағы кеп тұрған сәтім осы-ақ! М.Әу. ~ Бәсе, қамаудан құтылып, бұғаудан босана алмасын білген асаудың амалы құрып, айласы біткен жердегі ақырғы бұлқынуы, жан ұшыруы, тұяқ серпері екен… З.Қаб. ~ Асқар немен шешілері белгісіз жекпе–жекке бел шешкен адамның тәуекелімен бәйбішесінің жылы құшағында жастық шағын есіне түсіргендей болып елтіп, бір ауық жатты да, бұл тіршілікте екеуі ғана түсінетін бір қимылмен жан құпиясының соңғы тұяқ серперіне өзінің дайын болғанын білдірді… Т.Әбд. ~ Мұның бәрі де жолшыбай күнше күркіресіп келген еді, енді күбір-күңкілге көшіпті. Тұяқ серпер қайрат біреуінде де қалмаған. Ә.Әб. ~ Титықтап, тамақ ішуге әзер жараймыз. Сексен қыздың шет жағындағы орнымызға құлай кетіп, тұяқ серперге шамамыз келместен, тастай қатамыз. М.Байғ. ~ Содан арылғаннан ба, мына таскерең құлақтың тыңдары гөй-гөй мен күрсіну ғана. Үзіліп, езіліп бара жатқан қыршындардың тұяқ серпуі ғана. С.Смат. ~ Біздің уақытша жеңіс деп жүргеніміз түбегейлі жеңіс емес екен. Жай бір тұяқ серпу, өлім алдындағы бой жасау секілді бірдеңе болып шықты. Қ.Жұм.
