Posted in

ТҰЯҚ СЕРІПТІ

Қайрат қылды; қарсы әрекетке барды; дау айтты. ~ Сонда қалай өзі? – деп Бөлебай тұяқ серіпті. – Ала жаздай маңдайымыздың терін төгіп өсірген астығымыздың біразы әлдебіреудің есебіне кетсе… Бұл қызық екен тіпті. О.Сәрс. ~ Ерегіссе, бұл, мына талшыбықтай бұралған келіншекті қазір-ақ бүктеп бауырына баспай ма! Тулап көрсін… Туламақ тұрмақ тұяқ серпе алмайды. Тұяқ серіпті екен тұқымы тұздай құриды. С.Ел. Көз жұмды, өлді. ~ Сеңгі хан төсегінде ақтық рет ышқына қор етті де, соңғы рет тұяқ серіпті. С.См. ~ Одан соң сол жақта ғұмырымды аяқтайын деген мақсатпен осы жерге қарай бағыт алдым, арып-ашып әбден күйі кеткен қашырым осындағы бір жыра-жықпылда тұяқ серіпті, расын айтқанда, шамасы, өзімді қажеті шамалы жүк көріп, арқалап жүре беруден жалықса керек. М.Серв.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *