Posted in

ТҰЯҚ СЕРІППЕДІ

Еш әрекет жасап, амал қылмады, саусақ қимылдатпады. ~ Тақаулы тамағында өткір пышақ, Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз. Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес, Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? М.Жұм. *…Ақ боз үйлі ауылдан келген адамдар да осы тойды өзімсініп, жатпен бірге жат болмайық дегендей, бірі онысын, бірі мұнысын істескен болып жатыр. Бірсыпыра сыпайылары отырған орыннан тұяқ серіппей, қолғабысты ауызбен ғана беріп … Б.Майл. ~ Бадырақ ішіп жіберіп «Жеңгем сыйлап берген соң ішіме сыйса жарады», — деп, амалсыз алған сыңайсып, қымыз бетіндегі қара келтек қылшықты сүйелді саусағымен іліп тастап, тартып жіберген. Өзге жан тұяқ серіппейді. Жалғыз-ақ қойшы мен тоқалдың көз жанарлары ойнай айқасып, әзілге әзіл жарасып отыр. І.Жанс. ~ Байлар не өзін, не сыбайластарын ауыл Советке өткізуге тырысып, жанталасып жатқанда ол тұяқ серіппеді. Б.Тоғ. * Әйтсе де Қуан ойы мұнан әрі тұяқ серіппеді. «Мен неге Артемдей елге жайлы, сыйлы емеспін»,- демеді. Оның кішіге «қарақ» деп тұратыны, үлкенге «ағасы», қатарқұрбысына «ау, тамыр»,- дейтіндей жылы сөзі көп-тін. М.Сүн. * Ендігі күтері – өлім ғана. Тұяқ серіппей, тағдыр – талайына үнсіз мойынсұнып, келер күннің келер ұрпағына жетер – жетпес әлсіз арызының өтеуіндей ғып есімін ғана қалдырып, бұл фәниден өтуі, жарық жалғаннан жоғалуы керек – ау. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *