Қалың ұйқыға кетті. ~ Бұл жақтың Айы басқа ма деймін. Сөйтіп жатып, қалжырасам керек, тұяқ серіппей ұйықтап қалыппын. Түсімде Тәңіртаудың бір бүйірін Жуанқұл мен Тасбет үңгілеп жатыр екен деймін. Ш.Мұр. ~ Таң сәріде келген Халел күн көтерілгенше тұяқ серіппей қатып ұйықтап жатыр еді, бетіне мұздай су тигендей тітіркеніп көзін ашып алды. С.Жүн. ~ Талма түстің шағында меңіреу далаға талықсып келіп жығылған босқынды көштей тұяқ серіппей ұйқтаған жетім ауыл маған ұлы таудың пұшпағына жабысқан ұлудай жиырылып, жымырайып, шөгіп бара жатқандай көрінді. Қ.Ысқ. ~ Мұнан кейін екеуі де ұзақты күнге тұяқ серіппей жатып ұйықтады. С.Мұр. ~ Екі күн, екі түн алалы үйірдің соңында аттан түспеген жылқышылар дүйсенбі күні кең қақты көктей өтіп, ауылға кеп жығылды. Жылқы жайлауға оралған. Тұяқ серіппей ұйықтапты. С.Сағ. * – Мен үш күн тұяқ серіппей ұйықтап, ұйқымды әбден қандырған кісімін. Ә.Асқ. * Ағыл-тегіл терлеп, әбден сілесі қатып, қолды-аяққа тұрмай есі шығып, кірпігі әлең-әрең қимылдайтындай боп шаршаса, есесіне түнге қарай тұяқ серіппей қатып ұйықтайды. Қ.Жиен.
