Posted in

ТӘУБЕСІНЕ КЕЛТІРДІ

Көкірегін басты, орнына қойды, құдайын танытты. ~ … Балта Сәулені икемдеп құшақтамақ болып еді, қыз сытылып шығып кетті. — Керек емес, Балта. Мен… мен осындайды жақтырмаймын. Біздің группада қолы жүрдек бір бала бар еді. Әлгіні Асқар тәубесіне келтірді. С.См. ~ Жетісуға ығысқанда жаппай қолдаған, Қоқанды тәубесіне келтіргенде алдаспаны болған Ұлы жүз батырлары бұның төскейде малы, төсекте басы біріккен қырғызды шаппақ ниеті барын естігенде құптай қоймады. С.Әб. ~ узы дуалы қарияның бір ауыз уәлі сөзі ұрыны да тәубесіне келтірген. Ұлттың уызы ұйыған ауылды, сондай қазына–қарияны, енді қайтып көрер ме екенбіз?!. Ж.Аяз. ~ Жасақты аттандырып отырған Хиуа ханы: "Адайлар орысқа қарап кетті. Салық төлейтін түрі жоқ, оларды тәубесіне келтіріңдер", – деп отыр… А.Өт. ~ Не көрмеген Алматы?! Оның атауына көз аларту сол кезде басталып кеткен. Қайсыбір жылы ардақты ақсақалымыз Мақсұт Оразаев соттасып жүріп, шовинизмнің шалығы тиген тағы бір басылымды тәубесіне келтіріп, кешірім сұратып еді. Қ.Сәр. ~ Мына қорлауға қазақ қайтіп шыдайды. Ерін намыс өлтірген, асқынғанды тәубесіне келтірген жұрт қой бұл. Қаһары қара бұлттай қаптап шыға келді. Н.Дәут.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *