Posted in

ТӘУБЕСІНЕН ЖАҢЫЛДЫ

Құдайын ұмытты. * Су шықпас қазғанменен тау басынан, Қазақтың дау кетпейді сау басынан, Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса, Ер жігіт жаңылады тәубесінен. Ақан сері. * Нұрқан. Шатақан! Ендеше, қолдарына кісен керек, аяғына да кісен сал, Шатақан, әпкел, кісен әкеліңдер мына иттерге! Көгендетермін бәлем! Шарасынан асқан, тәубесінен жаңылған қулар… тәубеңнен жаңылған екенсің! М.Әу.* Адам тәубесінен жаңылмас үшім ондайды ұмытпаса да болады. Дұрыс ақыл. Бәрібір естен кетпейді. С.Бақб. * Бір жылы бүкіл елге жаппай келген алапаттан Медеттің отыз ұлы түгел қырылады. Жалғыз Зәуреші ғана аман қалыпты. Медет құдайға құлшылық етіп, жалғыз қарашығының тірі қалғанын медет тұтып, тәубесінен жаңылмапты. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *