Қауіпті іске бел шешіп кірісті. * Осы тәуекел деп тас жұта кіргелі отырған ісімізді біржола түйіндеп, ертең еру болып бүрсігүні қалаға қайтамын. О.Бөк. * Қазақта бір мақал бар: «тәуекел ет те тас жұт, ажал жетпей өлмек жоқ» деген. Тәуекел етіп көрейік. Орыстың нақыл сөзі не деуші еді? «Риск – благородное дело». Ғ.Слан. * Олай болса, көп үміткерлердің бірі ретінде неге тәуекел деп тас жұтпаймын; қыз деген халық бейтаныс жігітке үйірсек болмаушы ма еді… О.Бөк. * Оның үстіне асырап-сақтаған жақсылығына жамандық жасағаным өле-өлгенше жүрегімнен кетпес. «Тәуекел деп тас жұтайын. Рұқсатыңызды бер, әке. Мен білсем, ол кісі азат басымды енді азапқа қимас» деген соң көп ойланып, рұқсатын берді. К.Сег. * Адам өзіне тиісті тағдырдан асып ешқайда кете алмас. Тәуекел деп тас жұтайық та! – деп қызбаланған. К.Сег.
