Posted in

ШАБЫСЫНАН ЖАҢЫЛМАДЫ

Бір қалыпты; бұрынғы қалпынан, әдеткі үрдісінен таймады.

* Вагон іші – жағалай жарқыраған сарай. Әр күймеде бір есік, бір- бір терезе. Түрлі ұлттың баласы бас қосқан ұлы керуенге ілескендей болды. Жолай бірі түсіп, бірі мініп, әр жерге бір тыныстап алып, шабысынан жаңылмай жортып келеді. Ү.Жәл. * Роксананы аз уақытта қуып жетіп, айғырға тән еміренумен мекірене оқыранды, сауырлы биенің қанталай бастаған сесті жанарында болымсыз мейірім нұры көмескіленді, Шам қатарласып, үзеңгі қаға таялғанда мойнын бұрып, шабысынан жаңылғандай болған. А.Смай. ~ Ағызған күйі жарға таяна бергенде, алдындағы қатерді сезіп, Ақбоз бір сәтке тапырақтап, шабысынан жаңыла жаздап, иесінің алға ұмтылған тайсалмас ырқына көніп, биік жардан тайсалмай секірді. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *