Дүйім жұрт; ықпалды, береке-бірлігі бар ауыл, ел. * Сілікпесін шығарған іргелі елдің, Бәрі әділ ме билікте жүрген ердің. Р.Ниязб. * Қомсынбаңыз. Бала болса да, Аққұмдай іргелі ауыл, қалың туыс арасынан суырылып келіп отыр.Қомсынбаңыз. Бала болса да, Аққұмдай іргелі ауыл, қалың туыс арасынан суырылып келіп отыр. М.Қаб. * Бойы жағынан да, ойы жөнінен де іргелі елден одан іріні кездестіру қиын десетін тұрғылыстары. С.Дос. * Қашаннан іштеріне іріткі түсіп ірімеген іргелі ел. Күш-қайраты мен абыройларының кайнар көзі — ауызбірлік. С.Дос. ~ Тіршілік күйбеңінде жүрген ауыл адамдарының қас-қабағынан-ақ берекелі де іргелі ел екені айтпай-ақ көрініп тұр. Б.Жұм.

