Posted in

ҚАНЫ БЕТІНЕ ТЕПТІ (ШАПТЫ)

Алабұртып, қызарып кетті. * Сәлден кейін қаны бетіне теуіп күн батты. О.Сәрс. * Әбсаттардың әп-сәтте кеудесі дүрілдеп қоя берді. Қаны бетіне теуіп, әбігерленіп қалды. О.Сәрс. * Өмірзақ өңі өзгеріп, қаны бетіне тебе жүзі күреңітіп, жұдырығын түйіп алғанын өзі де абайламай қалды. М.Әбдіх. ~ Бір кесе шайдан кейін Тұтанның боп- боз өңіне қан жүгірді. Төгілгеннен қалған аз ғана қаны қазір жиылып бетіне шапқандай. Шешектің ізі де білінбей кетті. Оның есіне әлдене түсті. Қ.Ысқ: