Ретін, амалын тапты; жөнін білді.* … халық игілігіне жаратуда табанды, тынымсыз еңбек ету арқылы ауыртпашылық мен кедергілерді еңсеріп,қиын істің қиюын келтірді. БАҚ. ~ Бір кемшілігі мінезі ұяң еді. Сабақты тәп-тәуір оқыса да басқалар былай тұрсын, өзімен бірге оқитын қыздардан-ақ ұялмайтын жерде ұялып, ожарлау ұлдар бұзып-жарып кете беретін істерді бұл қиюын келтіре алмай, біреудің көмегімен зорға істеп бітіреді. К.Рах.
