Posted in

ҚИЯ (ҚИЫР) ЖАЙЛАП, ШЕТ ҚОНДЫ

ҚИЯ (ҚИЫР) ЖАЙЛАП, ШЕТ ҚОНДЫ Ел-жұрттан, жақындарынан алыс қоныстанды; жырақ жүрді. * Бұның бәрі Айғанымға да, оның балаларына да естіліп жүреді, шет-пұшпағы, қия жайлап, шет қонып жүрген Шыңғысқа да жетеді. С.Мұқ. * Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. О.Бөк.