Дұрыс жолдан таймады, тура жүрді. * “Шаншардың” мақсұты: елді араламақ, жақсы мен жамандықты, ақ пен қараны сараламақ, тура жолдан аяғын қия басқанды біздеп, жараламақ. Ж.Айм. * Әншейінде нөкерсіз қия баспайтын байекең бүгін тіпті, інісі Долдашты да ертпей жападан-жалғаз шықты жолға. О.Бөк. * Әліш – молда, ауыл-аймақтың өз сөзімен айтсақ: “қатым кәрдә молда”, “құдай жолынан қия баспайтын тақуа”, дұғасы қабыл болатын ізгі әулие. Б.Майл. * Жалғыз атты жас батыр қорқып кеткен жоқ, қорқытып кеттi. Бұдан былай қия бассаң қидаласқанның керi сонда болады деген доң бар бөрi бүлкек мынау кетiсте. К.Сег. * Қонақ жігітке қайда саламыз төсекті? – деді Қожаның ақылынсыз қия баспайтын кемпірі. О.Бөк.
