Түкке тұрмайтын нәрсе, мәнсіз дүние. * Қасаң қонақасыға қандай мырза! … Онша дəулетті де кісі емес. Бірақ Қасымға: дəулет – қолдың кірі. Жумаса – бітеді, жуса – кетеді. Өзі тірі болса, кемдік бар ма, қорлық бар ма? Ж.Айм. * Бәтір-ау, сонда
қолдың кіріндей кемді-күнгі ырзық-несібеге шашылған несіпке үймелеген сол әлгі жәдігөй, көлгір найсаптардың сарала етек жезөкшелерден айырмасы қайсы? Ә.Нұрп. * – Жаның – олжа! Ақша деген қолдың кірі, талай миллионды табасың әлі! – дейді жұбатып. Т.Сәу. ~ ТӘЖІБАЕВ: Жарайды, Ілеке! Ағыңнан жарылдың, ризамын!.. Мансап деген не, қолдың кірі… Әдебиетте – Мұхаң, ғылымда – Қанекең, ән-әуен әлемінде – қайран Ахаң, Жұбановты айтамын, ал тарихта – жалғыз Ермұхан, төртеуі де туған жұртының рухын биікке көтеріп, ұлт мерейін өсіретін дара саңлақтар!.. М.Сәрс. ~ Данаш директордың қырпын сезсе де, ішін алдырмай үнсіз келісті. Қызмет – қолдың кірі. Адамды мансап асырамайды, еңбегі
асырайды. Есей Досаевпен қаржыса беру пайдасыз. Ол мұны есебін тауып, ұтып кетті. Ө.Кәр.
