а) Ұрлатып алды. * Жұртқа көрсетпек түгілі, қайта-қайта қолына алып қарай берсе, көлденең көзге қолды қылып алармын деп, қорқып, әйтеуір, сенімді жерде тұрғанын біліп, іштей тоқ боп, өзі де көп сұқтана бермейтін қымбат бұйымындай осы бір ұры түйіншек түп ниетін тіпті өз ойынан да бірер қабат қалтарыс ұстаушы еді ғой. Ә.Кек. ~ Обалды етіп, қолды қылдым он үш жасты, Айыра алмай алдандым дос пен қасты. Ж.Шәк.
ә) Жоқ қылды, ұрлап кетті. ~ Қызын келін ғып түсіре алмаған қиқарлар енді бұның жылқысын қолды қылмаққа жанталасып жүрген көрінеді. Ә.Кек. ~ Әкемнің қағаздарын әкеткендеріңмен, оның ойын, талантын қолды қыла алмайсыңдар! Қ.Әл. ~ Колхоз бастығы. Айт қане! Атты қайда жасырдың? Шайлан. Түнде ұрылар қолды қылды. Қ.Әл.
