Шағыстырды, біреуді біреуге айдап салды. ~ Қазан хандығын алды, Сібір хандығын басты, Аштарханды талқандады, Ноғайды жеңді. Кезек қазақ хандығына тірелді. Міне, осы тұста орыс патшалығы өзгенің қолымен от көседі. БАҚ. ~ Бүгін қоқандап маған әкім болғансынған Қоқанның түбі қазақты уысында ұстап тұра алмасына да сенемін. Қоқанның қолымен қазақтың отын көсемек едім. К.Жүн. ~ «Құнанбай баласында сенің кегің болса, біздің де өшіміз бар. Кегің кеткен Құнанбай балаларын осы бетіңмен бір соғып қал, соқтығып қал!» дейді. Менің қолыммен от көсемек болады. М.Әу.
- Біреуге тәуелді болып, ауыр жұмысын істеуге мәжбүр болды. ~ Қазақтың қас дұшпаны кеп-кешегі, Қолымен қамал бегі от көседі. Талайдың текке қанын төкпегенде, Тағдыры тарлық оған етпес еді. Т.Абыл.
