Алдына қолы жетпес мақсат қойды, болмастан дәметті. ~ Есіңде ме? Бір жыл… күздің күні еді, Күзді күннің салқыншалау түні еді. Жарын, тастап, түнде мені бақшаға Көру үшін іздеп келген кім еді? Ол түннен соң талай-талай жыл озды, Ессіз жарың Айға қолын көп созды. Аспанға өрлеп, талай құлап, мерт болдым, Заман озды, жүрек сөнді. Жан тозды. М.Жұм. ~ Ендi “шiркiн, бiр совхоздың агрономы болсам арманым болмас едi” дейтiн бұрынғы Айтуаров жоқ. Қолын аспандағы айға созады. Биiк-биiк креслоларда отырсам дейдi. Т.Сәук.
