Posted in

ҚОЛЫН (ҚОЛЫНАН) ҚАҚПАДЫ

Тәйт демеді, қарсы болмады, тыйым салмады. ~ Аман-есен арғы бетке алып өтсеңіз, таңдағанын мінесіз, таңдайыңызға татитын семізін ұстап соясыз, қолыңыздан ешкім қақпайды. О.Бөк.де қолдарыңды қақпайды,қайтанеғұрлым белсенді боласыңдар, соғұрлым өкіметтің іргесі беки түседі. Б.Тоғ. ~ — Салқын тиеді деймін, сізге! — деп Масақбай кительді тағы тоса беріп еді: — Қоя тұршы, әрі! — деді Дәулет, бұл жолы қолын қақпай, тек кейіген ғана дауыспен. С.Мұқ. ~ Ызасы өткен милиция бастығын құм ішінде қуып жүріп өлтірсе де ешкім қолынан қақпас еді, еркіне жіберді, өлсе сүйегі көмусіз қалар еді, аман шықса – Алланың рақымы. С.Әбік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *